Select Page

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында университет қабырғасында “Singer” студенттік клубының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ұлт руханиятының биік тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған акустикалық кеш өтті.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты — «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылып, студенттердің рухани-мәдени дамуына, әдеби-эстетикалық талғамын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруды көздеді.

Кеш барысында ақынның жүрекке жетер өлеңдері оқылып, әнге айналған шығармалары акустикалық форматта орындалды. Іс-шараның атмосферасы поэзия мен әуеннің үйлесімін терең сезінуге мүмкіндік беріп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Студент жастар Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы арқылы ой еркіндігін, сөз құдіретін және рухани байлықтың маңызын тереңінен ұғынды. Іс-шара жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, сыни ойлау мен мәдени танымын дамытуға ықпал етті.

Бұл поэзиялық-музыкалық кеш сапалы білім берудің ажырамас бөлігі болып саналатын рухани тәрбие мен мәдени ағартушылықты ұштастырған тағылымды бастама болды.

Skip to content
Приемная комиссия