Тәрбие жұмысы аясында 1-курс студенттері (42-лек) «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы М.М. Шайжановамен бірге Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына барды. Студенттер қазақстандық және шетелдік суретшілердің бірегей туындыларымен, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер экспозицияларымен танысты. Экскурсия барысында білім алушылар өнер туындыларын талдауды үйреніп, мәдениет саласындағы дүниетанымдарын кеңейтті.
Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты:
-
ТДМ 4 (Сапалы білім беру): Дәрісханадан тыс жерде білім алу және сыни ойлауды дамыту.
-
ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар): Мәдени мұраны сақтау және тарихи құндылықтарды насихаттау.
-
ТДМ 10 (Теңсіздікті азайту): Студенттердің мәдени игіліктерге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Мұражайға бару нәтижесінде студенттердің өнерге деген қызығушылығы артып, бұл олардың тұлғалық жан-жақты дамуына оң ықпал етті.


