Select Page

«Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» мамандығының 2-курс студенттері Алматы музейіне танымдық экскурсияға қатысты.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушыларды Алматы қаласының тарихи-мәдени дамуымен таныстыру, олардың танымдық қызығушылығын арттыру және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болды. Экскурсия барысында студенттер музей экспозицияларымен танысып, қала тарихының әртүрлі кезеңдері туралы жүйелі мәліметтер алды. Қойылған жәдігерлер арқылы өткен дәуірлердің ерекшеліктерін зерделеп, қоғам дамуының маңызды кезеңдеріне талдау жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, музей кеңістігіндегі ақпаратты ұсыну тәсілдері, экспозицияларды ұйымдастыру ерекшеліктері және визуалды коммуникация элементтері студенттер үшін тиімді ақпарат жеткізудің үлгісі ретінде қарастырылды.

Танымдық сапар барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын жетілдірді. Мұндай іс-шаралар студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, мәдени мұраға деген құрметін арттыруға және болашақ маман ретінде кәсіби көзқарасының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

Эдвайзер-куратор: Мұратбек Таңшолпан Даниярқызы

Skip to content
Приемная комиссия