ALT University Энергетика департаменті студенттердің мәдени танымын кеңейту және қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін насихаттау мақсатында «National Day» іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара аясында отбасылық құндылықтарды, ұрпақтар сабақтастығын және ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті бейнелейтін қазақтың дәстүрлі «Сырға салу» рәсімі қойылым түрінде ұсынылды.
Іс-шара барысында студенттер салттың тарихымен, символдық мәнімен және өткізілу ерекшеліктерімен танысты. Бұл олардың өз халқының мәдени мұрасын тереңірек түсінуіне және ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын ұғынуына мүмкіндік берді.
ТДМ 4 «Сапалы білім» мақсатына қосқан үлесі: іс-шара студенттердің мәдени сауаттылығын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге, сондай-ақ жан-жақты білімді және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Авторлары : Оразбаев К.Н., Мырзабаева Н.Ж.


