Наурыздың 28-і «Полиглот» студенттік клубы аясында КГ-23-1 тобының студенттерімен «Nauryz Fest» іс-шарасы өтті. Шара барысында бауырсақ – мерекелік дастарханның таптырмас атрибуты болғандықтан, бауырсақтардың дайындалуы туралы бейнеролик көрсетілді.
Қазақ үшін келе жатқан жаңа жылда береке мен молшылықтың нышаны саналатын, жеті астан тұратын Наурыз мерекесіне қазақ асханасының ұлттық көженің дайындалуы көрсетілді.Барлық қатысушылар ұлттық киімдерін,әшекей бұйымдарын киді.Студенттер сонымен қатар “Сырға салу” мен “Қыз ұзату” көрінісін көрсетіп, соңында тәтті шашу шашылды.
ұйымдастырушылар: Эльмира Тұрдалиева, Акниет Серикова