30/04/2025 ж. К. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Нұржан Еркенұлы Кулумжанов қатысуымен өткен қонақ дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы “Көшпелілер мәдениетіндегі сакралды кеңістік”. Дәріскердің сөйлеген сөзінен тезистер: “сакарлды” (“sacred/sacralis”) түсінігі “қасиетті, киелі” сөздерімен сай келетін ұғым емес. Ол тылсым, құпия, жұмбақ, мистикалық, иррационалды сөздерімен түсіндіріледі. Ал кеңістік — тек географиялық, өлшем емес, мәдени-философиялық, кұбылыс. Көшпелілер үшін кеңістік — өмір сүрудің, наным сенімнің, тұрмысының негізі. Сонымен қатар келесі маңызды сакралды концепттерге тоқталды: Көк аспан — Көк Тәңірдің мекені; Жер-Ана — тіршіліктін бастауы; От пен ошақ — отбасының сакралды кеңістігі; қорғандар, мүсінтастар мен оба-қорымдар — ата-баба рухы мекендейтін орындар; Киіз үй — көшпелілер дүниетанымындағы сакралды ұғым болып табылатынын қорытындылай айтты. Киіз үйді ішкі кеңістігі әлеуметтік және рухани тұрғыдан маңызыд орындарға бөлінеді. Оған қатысты келесі сакралды концептілер айтылды: төр, босаға, табалдырық, дастарқан, шаңырақ, қонақ, отау. Іс-шараға университет студенттері мен кафедра ұстаздары, әскери істер институты белсенді қатысты. Іс-шара ұйымдастырушылары кафедра меңгерушісі, профессор Ардақ Серікбайқызы мен асситент-оқытушы Парасат Маратқызы.