Select Page

ALT М.Тынышпаев атындағы университетінің психологы Шабденова Дария Рахималиевна 10 қараша 2025 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде өткен «Өмірдің мәні – өзіңде» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Өмір – ең жақсы құндылық» жобасы аясында өтті. Жобаның мақсаты – жастар арасында суицидтің, нашақорлықтың, ВИЧ/ЖИТС таралуының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

🔹 Дария Рахималиевна іс-шара барысында студенттермен метафоралық карталар мен нейрографика әдістерін қолданып, диагностикалық және психологиялық жұмыс жүргізді.
🔹 Сондай-ақ, ол студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және өмірдің құндылығын түсінуге бағытталған тәжірибелік кеңестерімен бөлісті.

Skip to content
Приемная комиссия