Select Page

Оқу корпусының коворкинг алаңында Офис инклюзивного образования и ментального здоровья (ОИОиМЗ) басшысы Шабденова Д.Р. және Medical clinic Nur Lab клиникалық психологы Қабікен Д. ұйымдастыруымен және жүргізуімен «Өмір – ең жоғары құндылық» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ұйымдастырылды:
ЦУР 3 — Жақсы денсаулық және әл-ауқат, білім алушылардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу және психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталды.

Семинар барысында студенттермен өмірдің құндылығы, дағдарыстық жағдайларда көмек сұрау мәдениеті, психологиялық тұрақтылықты дамыту жолдары талқыланды. Қатысушылар белсенді пікір алмасып, практикалық жаттығулар орындады.

Іс-шараға Логистика және бизнес институты директорының орынбасары Токтамысова Толқын Рафиковна өз білім алушыларымен бірге белсенді қатысып, жастардың әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын қолдауға үлес қосты.

Skip to content
Приемная комиссия