Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің (ИББжМДО) басшысы Д.Р. Шабденованың ұйымдастыруымен және жетекшілігімен «Өмір – ең жоғары құндылық» атты семинар-тренинг өтті.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ұйымдастырылды: 3-мақсат — Жақсы денсаулық және әл-ауқат.
Семинар барысында білім алушылар:
-
суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және ерте белгілерін тану;
-
күйзеліс пен дағдарыс жағдайларында психологиялық қолдау көрсету;
-
эмоцияларды реттеу және өзін-өзі қолдау техникалары;
-
қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бағытында білім мен практикалық дағдылар алды.
Қатысушылар дағдарыстық жағдайларда қолдануға болатын нақты жаттығулар мен психологиялық техникаларды меңгерді. Іс-шара студенттердің психологиялық қауіпсіздігін нығайтуға және менталдық саулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.


