ALT Университетінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн университеттің БҰҰ-ның ТДМ 16 (Бейбітшілік және әділеттілік) және ТДМ 4 (Сапалы білім беру) стратегияларын жүзеге асыру жолындағы маңызды оқиғаға айналды.
Болашақ үшін есте сақтау: Университет ұжымы бүгінде оқу орнының білім беру және инфрақұрылымдық ортасын дамытуға баға жетпес үлес қосып жүрген ардагер батырларын ерекше құрметтейді:
-
Запастағы полковник Е.Х. Ишанов (Әскери істер институтының бастығы);
-
Отставкадағы полковник Б.М. Ермекбаев — бұл кісілер болашақ офицерлер үшін табандылық пен отансүйгіштіктің шынайы үлгісі.
-
Сондай-ақ, іс-шараға А.Е. Тойлыбаев («Автокөлік құралдары» кафедрасының меңгерушісі) және басқа да құрметті ардагерлер қатысты.
«Бейбітшілік сабақтары» аясында студенттер ардагерлердің естеліктерін тыңдап, бейбітшілікті сақтау мен Отанға қызмет етудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат алды.


