24 мамырда М.Тынышбаев атындағы ALT университетінде Республика бойынша қазақ тілінде «Онлайн-диктант» өткізілді.
Байқауға университет студенттері белсенді қатысып, басым көпшілігін өзге ұлт студенттері құрады.
Жобаның негізгі мақсаты-сауаттылықтың әр адам үшін маңызды екенін көрсету, қазақ тілін үйренудің қызықты әрі пайдалы екендігіне көз жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлеп, жазғысы келетіндердің барлығын біріктіру.
Диктант уақыты шектеулі және үздік қатесіз нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға 200 000 тг көлемінде жүлде қарастырылған.
Барша қатысқан жандарға алғыс білдіреміз!