Select Page

2025 жылғы 10 желтоқсанда Language Education кафедрасында академиялық жоспарлау және сапаны бақылау офисінің бас маманы–эксперті Бактыбаева Кенжехан, сондай-ақ ALT университетінің ассоциирленген профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Сугурова Айнұрдың қатысуымен оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында білім беру процесін ұйымдастыру, пәндердің жұмыс бағдарламаларын жетілдіру, заманауи әдістемелік тәсілдер және оқытудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар инновациялық оқыту технологияларын енгізу, оқу-әдістемелік материалдарды жаңарту және студенттердің оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жетілдіру бағыттарына ерекше назар аударылды.

Skip to content
Приемная комиссия