«Қаражанбасмұнай» АҚ халықтың әлеуметтік осал топтарынан Маңғыстау облысының тұрғындары болып табылатын 10 білім алушыға оқу ақысы бойынша 50% жеңілдік берді. Жеңілдік 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне беріледі.
Қоғам қызметінің басым әлеуметтік бағыттарының бірі қазақстандық кадрлар мен студент жастарды қолдау, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысу болып табылады.
«Логистика және көлік Академиясы» акционерлік қоғамы «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Р.Ж. Каражановқа және бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Чжао Цзинчжунға халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттердің ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.