02.10.23 ж. бастап Академия бойынша кафедраларда «Оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру» инновациялық апталығы басталды.
Кафедра оқытушылары оқу процесін жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибе алмасу арқылы ПОҚ педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында оқытудың инновациялық және белсенді әдістерін көрсетеді.
04.10.23 ж. «Энергетика» кафедрасының оқытушысы
Ж.Т.Уалиева IT-ЭЭ-3 тобында «Магнитно-электрические приборы» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Оқытушы сабақта:
- «Kahoot.com» оқу платформасы;
- Tarsia Maker әдісін;
- word Wall оқу платформасын қолданатын кейс технологиялар қолданды.
Сабақ қызықты, жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Студенттер белсенді қатысты. Оқытудың инновациялық әдістерін қолданатын сабақтар студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілеттері, ауызша сөйлеу қабілеті, өз көзқарасын тұжырымдау және білдіру қабілеті дамиды, ойлау белсендіріледі, сабаққа қатысу артады.
Сабаққа Академиялық қызмет проректоры, институт директорлары, кафедра меңгерушілері, сабақ өткізу сапасын тексеру бойынша сыртқы сарапшылар, ҚАПК, кафедра ПОҚ қызметкерлері қатысты.