2024 жылы 4 мамырда М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңіс күніне»арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды Әскери іс Институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты: Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы подполковник Жумадилов Азамат Тлеуханұлы, отставкадағы генерал-майор Телегусоы Махмут Утегенович, ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты бастығының орынбасары подполковник Мадрахимов Медгат Мадрахимович.
Мерекелік іс-шаралар үлкен конференц-залда өтіп, әскери істер институтының саптық алаңында жалғасты, онда әскери және арнайы техника, атыс қаруы көрсетілді. Сондай-ақ, іс-шараның барлық қатысушылары мен қонақтары үшін «Сарбаз ботқасы» дайындалды.
Университет президент-ректоры Амиргалиева Салтанат Нурадиловна шараны салтанатты құттықтау сөзімен бастап, жоғары қонақтарды М.Тынышпаевтың 145 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен және Әскери істер Институтының профессорлық-оқытушылық құрамы офицерлерін мерекелік грамоталарымен марапаттады.
Әскери Істер институтының шығармашыл жастары мерекелік концертпен, бейнеролик сүйемелдеуімен, вокалды орындаумен өнер көрсетті.
Іс-шара өз мақсатына жетті. Барлық қатысушылар мен қонақтар өз Отанының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нағыз батырлары үшін патриотизм мен мақтаныш сезіміне бөленді.