Select Page

2025 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 23 сәуір «Ұлттық кітап» күні болып бекітілді. Осы айтулы күнге орай, 2026 жылғы 26 сәуірде «ӘГП және ДТ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сабира Иманбаеваның ұйымдастыруымен 1-курс студенттері ҚР Ұлттық кітапханасына барды.

Шараның мазмұны мен мақсаты:

  • Рухани өрлеу: БҰҰ-ның ТДМ 4 (Сапалы білім беру) аясында өткен бұл экскурсия жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

  • Зияткерлік әлеует: Студенттер кітапхана қорындағы әлемдік классика мен отандық әдебиет жауһарларымен танысып, сыни ойлау дағдыларын шыңдады.

  • Эстафета: Шара барысында студенттер «Артық білім кітапта…» ұстанымымен университеттің өзге де білім алушыларына кітап оқу эстафетасын жолдады.

Skip to content
Приемная комиссия