ИС-25-5к және ИС-25-6к топтарының студенттерімен бірге Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Ж. Аймауытовтың «Балам, қашан келесің?» қойылымын тамашаладық.
Қойылымда қарттар үйін паналаған қариялардың мұңды тағдыры мен ішкі толғаныстары шынайы бейнеленіп, көрерменге терең ой салды. 1,5 сағатқа созылған спектакль студенттердің жүрегіне ерекше әсер етіп, адамгершілік, ата-анаға деген құрмет және жауапкершілік туралы толғануға мүмкіндік берді.
Аталған мәдени іс-шара жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруда үлкен тәрбиелік маңызға ие болды.


