2026 жылғы 13 ақпанда ALT Университетіне жұмыс сапарымен Павлодар қаласының жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары келді. Торайғыров Университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Нұрлан Медетов және Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ержан Әмірбекұлы келді.
Сапар барысында ALT University Басқарма Төрағасы – Ректоры Меруерт Жармагамбетованың, Университеттің Құрылтайшысы Гулзана Серикованың, сондай-ақ университеттің басшылық құрамының қатысуымен кампус-тур ұйымдастырылды.
Қонақтарға университеттің білім беру инфрақұрылымы, заманауи оқу аудиториялары мен зертханалары, кампустың жаңартылған кеңістіктері, сондай-ақ оқу орнының ауқымды жаңғырту және ребрендинг нәтижелері таныстырылды. Университет басшылары ALT Университетінің негізгі даму бағыттарымен, білім беру бағдарламаларымен және ғылым, цифрландыру, сұранысқа ие мамандар даярлау саласындағы бастамаларымен танысты.
Кездесу барысында жоғары білімді дамыту, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және инновациялық білім беру технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.
Кездесу университеттер арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға және білім мен ғылым саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға маңызды қадам болып саналады.


