Select Page

15–16 қазан 2025 ж. М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Инклюзивті білім және менталды денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Д.Р. «Педагогикалық инновациялар — білім жүйесінің тұрақты дамуының маңызды шарты» атты    Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Бұл конференция World Inclusion Congress WIC-2025 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырылды. Оған білім беру саласындағы ОЭСР-тың халықаралық сарапшылары, инклюзивті білім сарапшылары және шетелдік пен отандық танымал ғалымдар қатысты.

Конференцияның мақсаты — инклюзия мен педагогикалық инновацияларды ілгерілетуге, технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге, сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге арналған платформа құру.

Skip to content
Приемная комиссия