2023 жылғы 27 сәуірде 6В07129- Көпірлер, тоннельдер мен метрополитендер, 6В07130-Автормобиль жолдары мен аэродромдар және 6В07131-Желілік құбырлар мамандықтарының студенттері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК)-ға барды. Біздің Академияда студенттеріне ғылыми тағылымдамадан өтуге, тәжірибелердің барлық түрлеріне және ғылыми-зерттеу және ғылыми-эксперименттік жұмыстарды бірлесіп жүргізуге мүмкіндік беретін осы ұйыммен ынтымақтастық туралы Меморандум мен келісім – шарт бар.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қызметінің мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады. Ұйым жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізеді, сондай-ақ елді мекендер мен қалалардың автомобиль жолдары мен көшелеріне диагностика мен аспаптық тексеру жүргізеді. Бұдан басқа, ұйым халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асырады, жаңа технологияларды енгізеді және тәжірибелік учаскелерді сүйемелдейді.
«Құрылыс инженериясы» кафедрасының меңгерушісі С.О. Исмагулова және ассистент-профессор, техника ғылымдарының кандидаты Т. М. Дюсенгалиева студенттердің осы ұйымға баруын ұйымдастырды, осылайша олар оның қызметімен және қолданылатын технологиялармен таныстыра алды.