Select Page

21-і мамыр күні М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің Президент-Ректоры Салтанат Нурадиловна университетіміздің белсенді студенттерімен таңғы ас форматында кездесуі өткізді. Кездесуге: студенттік үкімет президенті, студенттік үкімет мүшелері, студенттік кеңес төрағалары, студенттік декан және шығармашылық бағыттағы клубтардың белсенді студенттері қатысты. 

Таңғы аспен қатар студенттер өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, керек жауаптарын ала алды. Қазіргі таңдағы жалпы студенттер арасындағы мәселер мен өзекті сұрақтарды талқылап, болашаққа нақты мақсаттар қойылды.  

Сонымен қатар Салтанат Нурадиловна  студенттерімізге кішігірім сыйлықтарын ұсынды.

Университет басшылығымен алғаш рет ұйымдастырылған таңғы ас университет белсенділерінің алдағы уақыттағы жұмысына үлкен әсер қалдырып, одан әрі шабыттандырды.

Приемная комиссия