Select Page

Тұрақты даму мақсаттарының № 3 — «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» мақсатын іске асыру аясында

2026 жылғы 04 ақпанда № 2 және № 4 Студенттер үйлерінде тұратын білім алушылар үшін психикалық денсаулықты нығайтуға және жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренингтер сериясы ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарлар барысында келесі тақырыптар қамтылды:
«Қоғамдағы отбасының рөлін арттыру»
«Суицидтік мінез-құлықтың себептері, функциялары мен түрлері. Суицидтік қауіп факторлары»
«Білім алушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың себептері мен алдын алу жолдары»
«Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу: себептері мен болдырмау тәсілдері»

Іс-шара барысында білім алушылар:
психологиялық, әлеуметтік және отбасылық қауіп факторлары туралы теориялық білім алды;
алаңдатушы белгілер мен күйзеліс жағдайларын тану дағдыларын меңгерді;
эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға, өзін-өзі қолдау және көмекке жүгіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық жаттығулар орындады;
психикалық денсаулықты сақтау мен өмір құндылығы мәселелеріне деген саналы көзқарасын арттырды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар студенттік жатақханаларда қауіпсіз әрі қолдаушы ортаны қалыптастыруға, білім алушылардың әл-ауқатын нығайтуға және университет қауымдастығында психикалық денсаулық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия