Select Page

«Студенттердің бейімделуі, топтың ұйымшылдығы мен командалық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шара аясында студенттермен (мүгедектігі бар студенттер, жетімдер және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер, шетелдік студенттер) топтық кеңес беру ұйымдастырылды.
Кеңес беру барысында тұлғааралық және топтық өзара әрекеттесу, оқу үрдісіндегі қиындықтар мәселелері талқыланды.

Іс-шараны «NurLab» университеттік емханасының психологы Қабыкен Дина Кәкімбекқызы және М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Инклюзивті білім беру және менталды денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевнамен бірлесе өткізді.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) №10 аясында инклюзивті ортаны кеңейтуге, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға және әлеуметтік шиеленісті болдырмауға бағытталған іс-шаралар бірлесе өткізілді.

Skip to content
Приемная комиссия