Академия студенттеріне психологиялық көмек көрсету мақсатында 11 желтоқсанда «Логистика және көлік Академиясында» «PSYCHO EXPRESS ALT» психологиялық көмек күні өтті. Академияға психотерапия мен психологиялық кеңес берудің түрлі бағыттарында жұмыс істейтін Алматының жетекші психолог-мамандары шақырылды. Мамандар әр студентке тегін және жасырын көмек көрсетті. «PSYCHO EXPRESS ALT» жобасы академия студенттерінің тұрақты даму орталығының 3-ші тармағы жақсы денсаулық және әл-ауқат психоэмоционалды жағдайын, көңіл-күйін, сондай-ақ психикалық денсаулығын жақсартуға бағытталған. Студенттер жеке тұлғаның ішкі ресурстарына негізделген өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуды, оқудағы қиындықтар мен әлеуметтік-эмоционалдық проблемаларды жеңуді, өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі тәрбиелеуді, әлемге оң көзқарасты үйренді.