Студенттерге психологиялық көмек көрсету мақсатында 2024 жылдың 28 қарашасында ALT Университетінде «PSYCHO EXPRESS ALT» психологиялық көмек көрсету күні өтті. Университетке психотерапия және психологиялық кеңес берудің әртүрлі бағыттарында жұмыс істейтін Алматы психолог мамандары шақырылды. Мамандар әр студентке анонимді көмек көрсетті. «PSYCHO EXPRESS ALT» жобасы студенттердің психоэмоционалдық жағдайын, көңіл-күйін, психикалық денсаулығын жақсартуға бағытталған. Студенттер жеке тұлғаның ішкі ресурстары негізінде өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға, оқу қиындықтары мен әлеуметтік-эмоционалдық проблемаларды жеңуге, өзін-өзі дамытуға және әлемге оң көзқараста болуға үйренді.
Психологтар Биманова Ақтоты Исматиллақызы (Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және коммуникация университеті), Талет Әнел Нұрқанатқызы (Нархоз университеті), Құсайынова Банум Алмасқызы (МУИТ), Шабденова Дария Рахымалиевна ()9рман5азы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Абдуллаева Мелита Толкунжанқызы (Қазақ-Британ техникалық университеті), Рысқалиева Дария Серікқызы (Қазақстан Де Монфорт университеті), Сүлейменова Әйгерім Маратқызы (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті), Мамирканова Гүл-Гүл Советқалиевнаға (Л. Гончарова атындағы Қазақ автомобиль және жол институты.) алғысымызды білдіреміз.
80-нен астам студенттер мен қызметкерлер қамтылды.