Select Page

2025 жылғы 5 желтоқсанда Шевченко 97 мекенжайында орналасқан Бас оқу ғимаратының Үлкен конференц-залында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде Алматы қаласының жоғары оқу орындарының психологтарымен бірлескен «Psycho Express ALT» коллаборациясы өтті. Іс-шара ҚР Үйлестіру кеңесінің жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – жедел психологиялық-диагностикалық жұмыс жүргізу, студенттердің психологқа жүгіну мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби көмекке қолжетімділікті арттыру.

Күн бойы Алматының жетекші психологтары түрлі психотерапиялық бағыттар бойынша студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге анонимді кеңес берді.
«Psycho Express ALT» жобасы қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, ішкі ресурстарды күшейтуге және әлеуметтік-эмоционалдық қиындықтарды еңсеруге бағытталды.

Іс-шараға 80-нен астам студент пен қызметкер қатысты.

Кеңес беру мен тренингтер аясында аутодеструктивті, деструктивті және тәуелділікке әкелетін мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қолданылған әдістер:когнитивті-мінез-құлық терапиясы, арт-терапия, дене терапиясы, релив-терапия, гештальт, логотерапия, отбасылық терапия, психодрама, МАК-карталар.

Алғысымызды білдіреміз:
• Абдуллаева Мелита Толқынжанқызы, Ачимова Ангелина Алексеевна (ҚБТУ)
• Алимхан Дамеш Тореханқызы, Исағалиева Ақерке Жаңбырбайқызы (Алматы технологиялық университеті)
• Ишанханқызы Ақерке (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)
• Мусанова Алия Төлегенқызы, Жүсіпекова Әсел Жанболатқызы (Абай атындағы ҚазҰПУ)
• Шаханова Дамеш Аманжолқызы (Алматы полиция академиясы, Психология және психотерапия институты)
• Баймакашова Гүлназ Алкебатырқызы (коуч-практик)
• Мамирканова Гүл-Гүл Советқалиева (Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАДИ)
• Абдиева Газиза (Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті)
• Мусина Сара Смановна, Есенаманқызы Назерке (ҚазҰҚПУ)
• Шабденова Дария Рахималиевна, Оразалы Аңсар Нұрболатұлы (М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті)
• Сайлауов Асет, Рахимова Аделияханым Болатқановна (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
• Шайкенова Айгерім Армановна (De Montfort University Kazakhstan)

Психологтарды ТжӘЖД директоры Ташимбетова Ақдана Тұрсынхановна имидждік өнімдермен және алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара ортақ түскі аспен аяқталды.

Жобаны ұйымдастырушы және жүргізуші:
Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық бөлімінің басшысы — Шабденова Дария Рахималиевна.

Кіріспе сөз:
Жастар саясаты офисінің басшысы — Исағалиұлы Ырысбек.

Алғысымыз:
ALT Студенттік үкіметі.

Skip to content
Приемная комиссия