2026 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 124, Д корпусы (актовый зал) мекенжайында НАО «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде» Psycho Express AUES – 2026 іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық кеңсесінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна АУЭС-тің психолог-кеңесшісі ретінде қатысты.
Бағдарлама аясында «Инклюзивті студенттермен психолог жұмысы» тақырыбында қонақ дәріс оқылды. Спикер – Мусихина Елена Владимировна, психология ғылымдарының кандидаты, психология ғылымдарының докторы, Халықаралық практикалық психология және педагогика академиясының директоры, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, доцент, Университет международного бизнеса психологы.
Дәріс барысында инклюзивті ортада психологиялық сүйемелдеудің заманауи тәсілдері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеудің практикалық алгоритмдері, кәсіби коммуникация мен қолдау көрсету дағдылары талқыланды. Қатысушылар инклюзивті студенттермен тиімді өзара әрекеттесу, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша жаңа білім мен тәжірибелік дағдылар алды.
Psycho Express аясында АУЭС білім алушыларына психологиялық көмек көрсетіліп, жеке консультациялар ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар марапатталып, естелік суретке түсті.
Аталған бастама Тұрақты даму мақсаттарын (ЦУР), атап айтқанда сапалы білім беру (ЦУР 4), теңсіздікті азайту (ЦУР 10) және денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету (ЦУР 3) бағыттарын жүзеге асыруға үлес қосады.


