2024 жылдың 22 мамырда сағат 11:30-да “Қаржы орталығы” АҚ өкілі Серікқали Ақзирамен онлайн кездесу сәтті өтті. Кездесу бітіруші курс студенттері мен магистранттары үшін арнайы ұйымдастырылды және “ Міндетті грант өтемі “ тақырыбын талқылауға арналды.
Іс-шара барысында қатысушылар міндетті грант жұмысын орындау процесі, оны жүзеге асыруға байланысты мәселелер, сондай-ақ мүмкіндіктер туралы құнды білім мен ақпарат алды.