2021 жылдың қазан айының 5-ші және 6-шы жұлдызында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқитын екніші және үшінші курс студенттерімен онлайн кездесу өтті, оған цифрландыру және кәсіптік білім беру жөніндегі атқарушы директор, “Базалық және қашықтықтан білім беру” институты директорының орынбасары, қашықтықтан оқыту бөлімінің бастығы, ақпараттық-кітапхана ресурстық орталығының директоры, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қатысты.
Студенттермен кездесу барысында жаңа оқу жылының басталуына, академиялық күнтізбеге, оқу сабақтарының кестесіне, корпоративтік электрондық поштаны, “Платонус” ААЖ пайдалануға, MS Teams платформасына, Академияның электрондық кітапханасының ресурстарына, оқу ақысын төлеу тәртібіне байланысты ағымдағы мәселелер талқыланды.
Бітіруші курс студенттерінен алдағы дипломды жазу және қорытынды аттестаттауға байланысты көптеген сұрақтар қойылды. Осыған байланысты бітіруші кафедралардың бітіруші курс студенттерімен жеке онлайн кездесулерін өткізу туралы шешім қабылданды, онда дипломдық жұмыстардың тақырыбын, ғылыми жетекшілерді, жұмысты жазу процесін, қорғау рәсімдерін таңдау мәселелері қаралатын болады. Кездесулер кестесімен Академия сайтында танысуға болады.