Select Page

2026 жылғы 13 қарашада ALT University-де Жол-көлік оқиғалары құрбандарын дүниежүзілік еске алу күніне арналған конференция өтті. Іс-шараны Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты мен ALT University Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ұйымдастырды.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, көлік саласы ұйымдарының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар мен студенттер қатысты. Іс-шараның модераторы Гүлсім Аблахатқызы Еспаева болды.

Бағдарлама аясында қонақтарға университет бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, Тұрақты даму кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

Конференция ұйымдастырушылардың құттықтау сөздерімен басталды. Қатысушылар жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла қатысушыларға бейнеүндеу жолдады.

Конференцияда Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының халықаралық байланыстар және ғылым жөніндегі директоры А. Ж. Масанов, Автокөлік қауымдастығының өкілі С. Ш. Аманбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі Жанат Өтепберген және ALT University өкілі С. Ш. Әбібұлаев баяндама жасады.

Талқылаудың негізгі тақырыбы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің, кәсіби қауымдастықтың, білім беру ұйымдары мен қоғамның ортақ жауапкершілігі болды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол-көлік жарақаттарын азайтуға және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру саласындағы одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын айқындайтын қарар қабылданды.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия