Select Page

2026 жылғы 26 қаңтарда “Language Education” кафедрасының сениор-лекторы Сарсенбаева Фарида силлабусқа сәйкес “My Country” тақырыбы аясында 308-топ студенттерімен бірге «Qazaq Alemi» фильмінің көрсетіліміне қатысты.

Аталған мәдени-ағартушылық іс-шара Қазақстан қалаларының дамуы, урбанизация, экологиялық мәселелер және тұрақты даму тақырыптарын қамтыды. Фильм мазмұны БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты, атап айтқанда: «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», «Жауапты тұтыну» және «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл».

Фильмді көру студенттердің өз елінің болашағы, қалалардың экологиялық ахуалы және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы түсінігін кеңейтті. Теориялық білім нақты өмірлік мысалдармен ұштасып, білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.

Сарсенбаева Фарида мен студенттер — саналы білім мен тұрақты болашақ жолында.

Skip to content
Приемная комиссия