2025 жылғы 21 мамырда М. Тынышбаев атындағы ALT университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында «Қазақ тіліндегі цифрлық консультанттардың LLM базасындағы рөлі» тақырыбында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жасанды интеллект негіздері және Big Data» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мансурова Мадина Есімханқызының дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға университет профессорлары, оқытушылары, студенттері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты- Жасанды интеллекттің Қазақстанда даму технологиялары мен таныстыру және осы тақырыпта қандай ғылыми жобалары орындалып орындалып отырылған жайлы айтылды. Дөңгелек үстел барысында Мәдина Есімханқызы «Қазақ тіліндегі цифрлық консультанттардың LLM базасындағы рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Бұл іс-шара жасанды интеллект саласында айналысатын оқытушылар үшін және жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне қызығушылық танытатын студенттер үшін қызықты әрі мазмұнды болды.