2026 жылғы 31 қаңтарда М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Иманашевпен стратегиялық кездесу өтті. Ұлттық компанияның өкілдері ALT Университетінің Басқарма төрағасы — Ректоры – Меруерт Жармагамбетовамен және университеттің басшылық құрамымен бірге ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы мен оқу-өндірістік кешенімен танысты.
Кездесудің басты мақсаты ALT университетімен серіктестікте құрылған «ҚазАвтоЖол» оқу орталығының ресми ашылуы өтті. Жаңа оқу кеңістігінде Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының интерактивті картасы орнатылған, ол халықаралық және республикалық маңызға ие жол желісін көрнекі түрде көрсетеді. Орталық жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау және көлік саласының мамандарының біліктілігін арттыру үшін платформа ретінде қызмет етеді.
Дархан Иманашев студенттермен кездесуге ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында ол Қазақстандағы жол саласының дамуы, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен көлік инфрақұрылымының болашағы туралы айтты. Сонымен қатар, компанияның жұмыс ерекшеліктерімен бөлісті, соңғы жылдардағы жетістіктерді атап өтті және студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Қорытындысында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы ынтымақтастыққа ашықтығын және тәжірибеге бағытталған білім берудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оқу процесін практикалық тәжірибеге негіздейтін университет басшылығы мен оқытушыларының кәсібилігін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл студенттерге жаңа серпін беріп, көлік саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлауды қамтамасыз етеді.
«ҚазАвтоЖол» және М. Тынышпаев атындағы ALT University арасындағы стратегиялық серіктестік 2024 жылғы қазан айында Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен цифрландыру бойынша V Евразиялық форумда басталып, жол саласының мамандарын даярлау бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – бірлескен білім беру, ғылыми-инновациялық және зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ мамандарды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруды қамтитын ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту.
Бүгінгі таңда «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ өз бастамаларын ALT University базасында іске асыра отырып, Қазақстанда көлік ғылымы мен салалық білім беруді дамытуға тұрақты платформа қалыптастыруда.


