2026 жылғы 31 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде Халықаралық бақыт күніне орай «Қазақстан – менің үйім» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған шара Көлік және құрылыс институты, «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі Г.Б. Мурзалина, сениор-лекторлар А.Г. Молдаганапова, И.Т. Сулейменов), Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департамент және М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Кәсіподақ комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Бұл бастама ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» шеңберінде жүзеге асырылды. Іс-шараның негізгі міндеті — қатысушылардың эмоционалдық денсаулығын нығайту, университетте жағымды психологиялық ахуал орнату және арт-терапия мен бірлескен шығармашылық арқылы ментальді саулыққа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шараның мақсаты: Шығармашылық арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайту, патриотизмге тәрбиелеу және бірлік атмосферасын құру. Жоба қатысушыларға жас ерекшелігіне қарамастан өз талантын ашуға және көркем бейнелер арқылы «Мен үшін бақыт деген не?» деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік берді.
Бағдарламаны «М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ Басқарма төрағасы – Ректоры М.С. Жармагамбетова салтанатты түрде ашты. Мерекенің басты ерекшелігі — оның инклюзивті сипаты болды: мольберт басында 3 жастан бастап 60 жастан асқан барлық ұрпақ өкілдері тоғысты.
Жобаны ұйымдастыруды және кәсіби сүйемелдеуді қамтамасыз еткендер:
-
Д.А. Оразбаева, «СҚИ» кафедрасының сениор-лекторы. Ол балалар суретінен бастап кәсіби сәулеттік графикаға дейінгі жолды бейнелейтін «Қазақстан – менің үйім» атты тұжырымдамалық презентациясын ұсынды.
-
КҚИ студенттері, олар жүргізуші ретінде өнер көрсетіп, ән мен жалынды билері арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға жағымды қуат берді.
-
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департамент, түрлі жас топтарының қатысуын және жобаның әлеуметтік құрамдас бөлігін үйлестірді.
-
Қазылар алқасының құрамы: К.Ж. Доштаев, С.А. Липский және К.А. Алмағанбетова жұмыстардың шынайылығы мен көркемдік мәнерін бағалады.
Арт-сессия барысында қатысушылар акварель және түрлі-түсті қарындаштарды пайдалана отырып, туған өлкенің бейнелерін салды. Түспен және пішінмен жұмыс істеу психологиялық жеңілдеуге, стресс деңгейін төмендетуге және университеттің корпоративтік рухын нығайтуға ықпал етті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар «Шабыт шебері» және «Жас суретші» дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар Кәсіподақ комитетінің төрағасы К.Ж. Доштаевтың қолдауымен естелік сыйлықтарға ие болды. Мерекенің қорытындысы — ALT Университеті қабырғасындағы бірлік, шығармашылық пен үйлесімділіктің символына айналған барлық қатысушылардың үлкен ортақ фотосы болды.


