2025 жылғы 22 қазан
2025 жылғы 22 қазанда М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы күніне арналған «25 –ші қазан Республикасы күні» атты кітап көрмесі өтті.
Іс-шараға университет студенттері, оқытушылар қатысты. Көрме аясында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи қалыптасуын, оның мәдени мұрасын, ғылым, білім және экономика салаларындағы жетістіктерін бейнелейтін кітаптар мен басылымдар ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шарада дөңгелек үстелдер мен пікірталастар ұйымдастырылды. Бұл студенттердің республиканың дамуының маңызды кезеңдері туралы білімін тереңдетуге және ел болашағындағы жастардың рөлін түсінуге бағытталды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің патриоттық санасын қалыптастыруға, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, сондай-ақ ғылыми және ағартушылық қызметке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!


