Ұлы дала тұрмыс-тіршілігінің тарихы мен тәртібі, салт-дәстүрінің негізін түсіндірген “Жеті Жарғы” қазақ елінің нағыз Конституциясы болды. Қазақ халқының құқықтық заңының бірінші кезеңі қазақ елінің патшалық Ресейдің отарында болған XVIII ғ. бастап XX ғ. алғашқы кезеңін қамтиды. Ал екінші кезең ол – КСРО-ның қалыптасуымен байланысты. Үшінші кезең қазақ елі Тәуелсіздік алған 1990 жылдан бастау алады.
1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республикамыздың Тәуелсіздігі мен Егемендігі туралы заң қабылданды. Бұл тарихи күні тәуелсіз мемлекетіміздің конституциялық, құқықтық негізін қалады. Осы сәттен бастап еліміз ел болып, іргеміз бекітіліп Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі әлемге жария етілді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дауыс беру арқылы 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан алғашқы Ата Заңын қабылдады. Бұл басты құжат ұлттық мемлекеттің тәуелсіздігінің негізін қалай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды. Бұл Конституция президенттің позициясын күшейтті. Осы құжат қабылданған соң президент тек қана мемлекеттің емес, елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияға тағы да бір жаңалық енгізілді. Бұдан былай жергілікті өкілдік етуші және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруға қарайтын болды. Қабылданған бұл заң бас құжаттың кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды. Бұл Конституцияны еліміз референдум арқылы қабылдап, мемлекетіміздің бүгіні мен болашақ арасына алтын көпір салынды. Ата Заңымызда адам құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам туралы дүние жүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ата Заң Қазақстан азаматтарының өмірі, құқықтары қорғалып, мемлекетіміздің дамуы, діни мәселелер, этносаралық қарым-қатынастар үйлесіміне кепіл болды. Конституция Преамбуладан (алғы сөз), 9 бөлімнен, 99 баптан тұрады. Конституцияны әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобына Н.А. Шәйкенов, А.К. Котов, Б.Ә. Мұхаметжанов секілді мемлекеттік қайраткерлер болды.