Select Page

2025 жылғы 19 желтоқсанда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы «ALT» университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Айта кету керек, еліміздің Мемлекеттік Туы – ұрпақтар сабақтастығының, тарихи тамырымыздың айқын көрінісі, сондай-ақ бейбітшілік пен өркендеуге деген ұмтылысымыздың нышаны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі университетімізде игі дәстүрге айналатын болады.

Skip to content
Приемная комиссия