ҚР Оқу-ағарту министірлігінің қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттер мен мамандар арасында байланыс орнату мақсатында «ҚР Жастар саясатының үздігі» атты форумы өткізілді. Форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форумға университетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің бас мамандары Ахатай Ырысбек Исағалиұлы және Амантай Ерасыл Мейірханұлы шақырылып, I дәрежелі диплом және медальмен мараптталды.
Ахатай Ырысбек Исағалиұлы мен Амантай Ерасыл Мейірханұлы кәсіби деңгейін көрсетіп Алматы қаласының жастар саясатына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.