Select Page

21 мамыр күні Астана қаласында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы (ҚАЗКӨЛІККӘСІПОДАҚ)» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан теміржолшылары кәсіподағының 120 жылдығы» мерейлік мерекесіне орай «Бірлікте – күш, тарихта — мақтаныш» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға бірнеше жақын және алыс шетел қонақтары мен кәсіби жоғары оқу орындарының Ректорлары қатынасып өте жоғары деңгейде өткізілді. Бұл шараға Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Президент-Ректоры М.С. Жармағамбетова әдейі шақырылып болашақ мамандарды дайындау барысындағы Университеттің жоспарлары мен мақсаттары туралы маңызды баяндамасын жасады. Негізі бұл іс-шараның Теміржол саласындағы Кәсіподақ ролінің мамандар мен сол мамандарды дайындау барысындағы жоғарғы оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыстың маңыздылығын айқын көрсетіп берді… Қатысушылар атынан «ҚАЗКӨЛІККӘСІПОДАҚ» қоғамдық бірлестігінің басшылығына және ұйымдастырушыларға зор алғысымызды айтып ризашылығымызды білдіреміз…

Skip to content
Приемная комиссия