Select Page

19 қарашада Астанада Еуразия өңірінің университет басшыларын, жоғары білім саласының сарапшылары мен академиялық мекеме өкілдерін біріктірген QS Eurasia Forum 2026 халықаралық форумы өтті.

Қазақстанның халықаралық академиялық диалог, білім алмасу және жаһандық жоғары білім берудің болашағын айқындайтын талқылаулар алаңына айналуы ерекше маңызға ие.

ALT University атынан осы маңызды іс-шараның бір бөлігі болуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, өзара пікір бөлісуге және институционалдық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға қуаныштымыз.

Мұндай ауқымды халықаралық форумдарды өткізу Қазақстанның әлемдік жоғары білім кеңістігіндегі танымалдылығын арттырып, еліміздің университеттеріне халықаралық байланыстарын кеңейтуге жаңа жол ашады.

Қазақстанның халықаралық академиялық қоғамдастықты біріктіріп отырғанын мақтан тұтамыз!

Skip to content
Приемная комиссия