2026 жылғы 21 қарашада сағат 09:00-де ALT University колледжінің акт залында «Қазақстанның әскери тарихы: жауынгерлік дәстүрлер сабақтастығы» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәріс барысында Қазақстанның әскери тарихының негізгі кезеңдері, ел қорғаған батырлар мұрасы, ұлттық жауынгерлік дәстүрлердің қалыптасуы және олардың қазіргі әскери-патриоттық тәрбиедегі маңызы қарастырылды. Тыңдаушылар тарихи тәжірибе мен бүгінгі әскери қызмет құндылықтарының сабақтастығын талқылап, Отанға адал қызмет ету, жауапкершілік және азаматтық парыз ұғымдары жөнінде пікір алмасты.
Қонақ дәрісті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ Бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Мамбеталиев Қуандық Рахматуллаұлы өткізді. Іс-шара білім алушылардың тарихи танымын кеңейтуге, отансүйгіштік ұстанымын нығайтуға және ұлттық әскери мұраға құрмет қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара ALT University Басқарма төрағасы — Ректорының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, білім беру және тәрбие жұмысын дамытуға бағытталды. Кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — сапалы білім беру және 16-мақсаты — бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар қағидаттарымен үндесті.
Автор: Макимов Е. Г.


