ALT University-де Қазақстан Республикасы Банктер қауымдастығының өкілдерімен және «Банк ЦентрКредит» АҚ Алматы қалалық филиалының директорымен кездесу өтті.
Сапар аясында қонақтар университеттің қызметімен, білім беру мүмкіндіктерімен және заманауи инфрақұрылымымен танысты. Келіссөздер барысында тараптар университет пен банк секторы арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.
Сұранысқа ие мамандарды даярлау, студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, практикалық құзыреттерін қалыптастыру және жастардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қаржы саласы өкілдерінің қатысуымен бірлескен білім беру, кәсіптік бағдар беру және сараптамалық іс-шараларды өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу ALT University мен Қазақстанның банк секторы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып, білім беру және студенттердің кәсіби дамуы саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


