30 қаңтар 2025 ж. М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті қабырғасында «Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың ұлы ақыны Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлидің 90 жылдығы»-на байланысты әдеби-танымдық кеш болып өтті. Іс-шараға жауапты «Language Education» кафедрасының сеньор-лекторы Досжанова Г.Н. іс-шараны ашып, кіріспе сөз сөйледі. АЗС-24-2 тобы студенттері «Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына» байланысты слайдтармен өз ойларын ортаға салды. Іс-шара әдеби-музыкалық монтажға жалғасып, көркем сөз оқылып, бейне фильм көрсетіліп, кеш өз мәресіне жетті.