Select Page

Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) № 4 – «Сапалы білім» және № 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» іске асыру мақсатында 2026 жылдың 9 және 17 ақпанында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасының оқытушылары М.Д. Жұмағұловтың,  М.Ж. Құндақованың, Л.Т. Құрманбаеваның «Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі тұжырымдар мен өзгерістер» тақырыбында ашық дәріс пен түсіндірме сабақтары өтті. Студенттер «Құрылтай және Қазақстан мемлекеттілігінің сабақтастығы», «Құрылтай және жаңа конституциялық реформа», «Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер» тақырыптарында лекциялар топтамасын тыңдады.

Сонымен қатар студенттер назарына «ұлттық құрылтай және қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығы», «ұлттық құрылтай және жаңа Конституциялық реформа», «Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер» туралы түсіндірме сабақтары өткізіліп, олардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы білім, ғылым, мәдениет, инновация еліміздің тұрақты дамуының негізі болып табылатын жаңа үлгіге көшу бағытын айқындайды. Мемлекет адами капиталды және азаматтардың зияткерлік әлеуетін басты стратегиялық басымдық ретінде анықтайды. Республика Конституциясында бірінші рет жоғары сапалы білім, ғылым және мәдениет ұлттық дамудың басым бағыттары ретінде белгіленген. Іс-шараға факультет оқытушылары мен кафедра меңгерушісі қатысты.

Skip to content
Приемная комиссия