03.12.2025 онлайн форматта ТОО «IPrav» компаниясының эксперт-кеңесшісі Мурзинов Сергей Мұхамбетсадықовичтың «Қазақстанның жол шаруашылығын цифрландырудың перспективалары» атты дәрісі өтті (03.12.2025, Астана қ.).
Қазіргі теміржол жол шаруашылығы технологиялық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Инфрақұрылымды басқарудың қауіпсіздігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыратын негізгі бағыттардың бірі – жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық технологияларды енгізу.
Дәрістің негізгі мазмұны:
- ЖИ жолдың геометриясы, рельс пен шпал жағдайы, вибрациялық өзгерістер және динамикалық жүктемелер туралы үлкен көлемдегі деректерді талдай алады.
• Машиналық оқыту алгоритмдері дефектілерді бірнеше ай бұрын болжауға мүмкіндік береді, бұл апаттық жағдайлардың алдын алып, пойыз қозғалысының сенімділігін арттырады.
• Шынайы уақыт режимінде жұмыс істейтін цифрлық платформалар мен датчиктер жол шаруашылығын прогноздық қызмет көрсетуге (predictive maintenance) көшуге жағдай жасайды — жөндеу мерзімі уақытқа емес, нақты техникалық жағдайға байланысты жоспарланады.
• Қазақстан теміржол желісінің ауқымдылығы мен оның стратегиялық маңызы интеллектуалды технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект теміржол саласының дамуының негізгі құралына айналып келеді. Бүгінде біз технологиялар мамандарға көмек беретін ғана емес, теміржолды басқарудың бірыңғай интеллектуалды жүйесінің ажырамас бөлігіне айналатын жаңа кезеңнің алдында тұрмыз.


