2024 жылдың 24 сәуір күні «Тілдік дайындық» кафедрасы академия көлемінде өткізіліп жатқан челлендж бойынша «Қазақтың салт-дәстүрлері» деген тақырыпта Наурыз мерекесін өткізді. Мереке кезінде қазақтың сырға салу дәстүрі көрсетіліп көпшілікке ұсынылды.Ұлттық тағамдар мен Наурыз көже пісіріліп мерекені тамашалуға келген көпшілікке және студенттерге ұсынылды. Кафедра оқытушылары ұлттық киімдерін киіп Академияның фойесін ерекше түр-түске бояп жібергендей болды. Жаңбырлы көктемнің түнерген көңіл-күйіне бой бермей жырдан шашылған шашулар күннің шуағындай көңіл-күйлерді жадыратып көпшілікке бір әсем көңіл-күй сыйлағандай болды.