Select Page

2026 жылдың 13 наурызында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ директоры Ғани Әуезханұлы Мурзахановтың қатысуымен М. Тынышбаев атындағы ALT Университетінде «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Шараға «Автомобиль жолдары және аэродромдар» мен «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» білім беру бағдарламаларының (АДА-23-1к, АДА-23-2п, САД-23-1к топтары) білім алушылары қатысты.

Дәріс «Қазақстанның оңтүстік өңірлері жағдайында автомобиль жолдарындағы қысқы тайғақпен күресудің заманауи әдістері» тақырыбына арналды. Басқосуда жолдарды қысқы күтіп ұстаудың заманауи технологиялары, соның ішінде көктайғаққа қарсы материалдар, мамандандырылған жол техникасы, Интеллектуалды көлік жүйелері және жол жамылғысының жай-күйіне цифрлық мониторинг жүргізу мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Дәріскер «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның нақты жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оңтүстік өңірлердегі құбылмалы ауа райында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кейстерді ұсынды. Студенттер саланың даму перспективалары мен инновациялық шешімдер туралы сұрақтар қойып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Skip to content
Приемная комиссия