Select Page

2026 жылғы 2 сәуірде М. Тынышбаев атындағы ALT Университетінде Ғылым айы аясында «Қазақ халқының қонақжайлылық лингвомәдени коды» тақырыбында қонақ дәрісі өтті (ТДМ 4 — Сапалы білім беру).

Дәріс барысында этностың коммуникативтік мәдениетінің маңызды бөлігі ретінде вербалды емес белгілер жүйесі қаралды. Ерекше назар қонақжайлық институтына, вербалды емес коммуникация мен гастрономиялық семиотика аспектілеріне аударылды. Дастархан қазақтың гастрономиялық мәдениетінің негізгі концепті ретінде таныстырылды.

  • Дәріс оқыған: Оналбаева А.Т., филология ғылымдарының докторы, профессор (ҚазҰҚПУ).

  • Ұйымдастырушы: ALT қауымдастырылған профессоры Есжанова Г.К.

Skip to content
Приемная комиссия