2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 15:00-де коворкинг-зонада (1-каб.) университет түлектерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Шараға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің кадр қызметі өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мансаптық өсу мүмкіндіктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, қаржылық мониторинг органдарындағы қызметтің ерекшеліктері және конкурстық іріктеу кезеңдері талқыланды.
Қонақтар студенттер мен түлектердің сұрақтарына жауап беріп, Агенттікте жұмысқа орналасу, тағылымдамадан өту және кәсіби дамудың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Қызығушылық танытқан үміткерлерге түйіндемелерін келесі WhatsApp нөміріне жіберу ұсынылады: +7 701 737 3232.
Іс-шараға қатысқан агенттік өкілдеріне алғысымызды білдіреміз!