Select Page

Ағымдағы жылдың 14 наурызында «Энергетика» кафедрасы Қазақстанның теміржол көлігі саласындағы электрмен жабдықтау мәселелеріне арналған онлайн-қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәрістің спикері — «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Электрлендіру және энергетика департаменті директорының орынбасары, Қайрат Сапиуллаұлы Джусупбеков болды.

Дәріс барысында келесі мәселелер қаралды:

  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымының электрмен жабдықталуы: қазіргі жағдай, негізгі техникалық шешімдер мен қолданылатын технологиялар.
  • Энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету: теміржолдардың электр желілеріндегі апаттық жағдайларды болдырмау және тәуекелдерді азайту әдістері.
  • Теміржолдарды электрлендіру: жүзеге асырылып жатқан жобалар және әрі қарайғы даму перспективалары.
  • Цифрландыру және инновациялық технологиялар: автоматтандырылған энергожабдықтау басқару жүйелерінің рөлі, мониторинг пен диспетчерлеудегі заманауи тәсілдер.

Дәріс студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар сарапшыға сұрақтар қойып, теміржол көлігіндегі электрмен жабдықтаудың даму болашағы мен саладағы қазіргі технологиялар туралы мағлұмат алды.

Қайрат Сапиуллаұлы Джусупбековке мазмұнды баяндамасы мен пайдалы ақпараттары үшін алғысымызды білдіреміз!

Студенттерге білім алу жолында сәттілік пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Приемная комиссия